Төрт шырақ (Мағыналы хикая) Бір бөлмеде төрт шырақ жанып тұрды жəне бірте-бірте еріп таусыла бастады. Бөлменің тыныштығы соншалық, олардың сыбыр əңгімелері естіліп жатты. Біріншісі айтты Мен тыныштықпын. Мені адамдар бағаламайды жəне сақтамайды. Менде сөнуден басқа жол қалған жоқ! Бұл шырақтағы от сөніп қалды... Екіншісі айтты Мен сеніммін. Бірақ адамдар бір-біріне сенбейді. Көпшілікте сенім өлген. Менде де сөнудег басқа жол қалған жоқ! Осылайша екінші шырақта сөнді.... Үшіншісі айтты Мен махаббатпын. Менің ары қарай жануға күшім жетпейді. Адамдар мені сезінбейді жəне түсінбейді . Олар өзі үшін жанын беруге дайын. Жақын адамды жек көреді. Көп күттірмей үшінші шырақта сөнді.... Бөлмеге адам жүгіріп кірді. Үш сөнген шырақты көрген ол қорқыныштан: -Сендер не істеп жатсыңдар?! Сендер жануларың керек. Мен түнектен қорқамын!- деп айғайлап, көзіне жас алып қалды... Осы сөздерден толқып кеткен төртінші шырақ былай деді:"Қорықпа жəне жылама! Мен жанып тұрғаным да ол үшеуін əлі көп тұтандырамын. Мен-Үмітпін!" Шынында да, ең соңғы өлетін Үміт.....

Теги других блогов: үміт төрт шырақ мағыналы хикая