Құрметті оқырмандар!
Мына бір өнегелі көріністен алатын сабағымыз, қоғамда немесе достарымыздың ортасында өзімізге білінбейтін бір дерт бар ол - менмендік. Егер Аллаһ Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарында болғыңыз келсе, ол дерттен аулақ болыңыз!!!
Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә салләм) ешқандай адам өзінің достарынан ерекше санауын ұнатпайтын. Бір сапарда сахабаларынан қой сойып, ас азірлеуін сұраған еді. Сахабалардың бірі:
- Уа, Аллаһтың Елшісі, қойды мен бауыздайын, - деді.
Келесі біреуі:
- Уа, Аллаһтың Елшісі, терісін мен сыпырайын, - деді.
Келесі біреуі:
- Уа, Аллаһтың Елшісі, пісіру менің мойнымда болсын, - деді.
Әлемнің мақтанышы мырзамыз:
- Олай болса, отынды мен жинайын, - деді.
Сахабалар:
Уа, Расулуллаһ! Біз оны да істейміз. сіз шаршамай-ақ қойыңыз, - десе де Хазірет Пайғамбарымыз:
* Сендердің менің ісімді істей алмайтындарыңды жақсы білемін. Бірақ, мен сендерден ерекше болғанды ұнатпаймын. Өйткені, Аллаһ Тағала құлының достарының арасында ерекше болғанын жақсы көрмейді* деді.
Ойларыңызды бөлісіңіздер!!!!