Cірке суының пайдасы қандай?
Cірке суының адам өміріндегі маңызы зор. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы туралы төмендегі мәлеметтерде таныс болыңыздар.
✅ Таңертең
1 ас қасық сірке суының, 1 шай қасық бал мен 1 стақан жылы суды араластырып, қоспа дайындаңыз. Таңертең оянған бойда аш қарынға ішіңіз.
✅ Артық салмақтан арылу үшін
1. 1 стақан жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосыңыз. Аш қарынға ішсеңіз, ас қорытуды тездетіп, ағзаңызға күш-қуат береді.
2. 1 стақан суға 2 шай қасық сірке суын ерітіңіз. Таңғы ас кезінде, ұйықтар алдында және үшінші порцияны қалаған уақытыңызды ішіп тұрыңыз.
✅ Тазарту
Жеміс, көкөністерді сірке суын шаюға, сонымен қатар етті тұздап, тазалауға да болады.
✅ Бет күтімі
Лимон, гликоль және сірке қышқылын теріге жақсаңыз, әжімдерді жазады. Сондай-ақ сірке суын ісікке қарсы қолдануға болады.
✅ Целлюлитке қарсы
Теріңізді сірке суымен сүртіп тұрсаңыз, терінің тартылуы мен целлюлитті жоқ қылып, теріні қалыпқа келтіреді. Сондай-ақ терінің жұмсақ әрі нәзік болуын қамтамасыз етеді.
✅ Шаршауды басу
Үлкен стақан салқын суға 2 ас қасық сірке суын ерітіп, денеңізге жақсаңыз, шаршағаныңыз басылады.
✅ Ванна
Ванна қабылдау кезінде суға сірке суын қоссаңыз, аяқ-қолдарыңыздың шаршауын басып, денені босаңсытады. Сондай-ақ кішігірім сірке суын қосып, шаш жууға да болады.
✅ Ағзаны қорғау
2 шай қасық сірке суына 1 стақан суда ерітіңіз. Тамақтану барысында ішсеңіз, бұл қоспа ағзаның жұмысын қалыпқа келтіреді.
✅ Баспаны (ангина) емдеу
1 шай қасық сірке суын 1 стақан суда ерітіңіз. Күнделікті тамағыңызды шайып, содан соң жұту керек.
✅ Бүйрек ауруы
1 шай қасық сірке суын стақан суда ерітіп, күнде ішіп тұрыңыз.
✅ Бас ауруы
1 ас қасық сірке суын мен 1 ас қасық балды стақан суда ерітіп, араластырыңыз. Тамақтану барысында ішіп алыңыз.
✅ Гипертония/Қан қысымының артуы
2 шай қасық сірке суын суда ерітіп, күнде ішіп тұруыңыз керек.
✅ Күйіп қалған жағдайда
Араласпаған сірке суымен күйген жерде сүртсеңіз, ауырғанын басады.