Маңызды мәселе - баланың тамағына тұрып қалған затты дереу шығару. Бұл мәселені шешу үшін кейбір әрекеттер жасалуы керек, міндетті түрде баланың аузын бақылып тұру керек. Бұл әрекеттердің тізімі: кішкентай нәресте болса, аяқтарынан біріктіріп ұстап, сипалау керек; үлкен балаларды ішімен екі аяқтың үстіне жатқызып, арқасынан алақанмен жылдам ұру керек; қолтығының астынан, арқасынан құшақтап тұрып, қатты қысып сілку керек. Бұларды жасап жатқанда баланың аузын бақылып тұру керек. Егер бөтен нәрсе көрінсе, қолмен алып тастауға тырысу керек. Бірақ қолды тамақтың ішіне қарай сұқпаған жөн. Түрегеп тұрған баланың арқасынан ұруға болмайды. Өйткені жұтқан затын одан да төмендетіп, жағдайды қиындатып алуымыз мүмкін. Жоғарыдағы әрекеттерден кейін жұтқан заты шықпаса, дереу жедел жәрдем шақыру керек.